18.12.2025
«Ертістің» бапкерлер құрамы белгілі болды
Фото: «Ордабасы» футбол клубы
Қазақстандық «Ертіс» командасы бапкерлер құрамында қызмет атқаратын мамандар белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бас бапкер міндеті отандық маман Самат Смақовқа сеніп тапсырылады. Оған Александр Седнев көмектеседі.
Самат Смаков 1978 жылы дүниеге келген. 1997-2017 жылдары қазақстанды, ресейлік және түркиялық клубтарда ойнады. 2018 жылдан бері бапкерлікпен айналысады. Өткен жылдан бері талдықорғандық «Жетісу» клубының бапкері болып келді.
Ал Александр Седнев 1973 жылы Беларусьте дүниеге келген. 1991-2005 жылдары беларусьтік және ресейлік клубтарда доп тепті. Бапкерлік мансабында 2006 жылдан бастап беларусьтік және қазақстандық клубтарда қызмет етті. 2021-2024 жылдары шымкенттік «Ордабасы» клубына жетекшілік етті.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»