4 сағат бұрын
Айбол Әбікен мансабын қай командада жалғастыратыны белгілі болды
Фото: «Қайсар» футбол клубы
Қазақстандық футболшы Айбол Әбікен мансабын «Қайсар» командасында жалғастырады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ол қаңтар айында өтетін оқу-жаттығу жиынына қатысады. Команданың қазір Қызылордада өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынынан босатылды.
Ол биыл қараша айында «Қайсардан» кеткенін мәлімдеген еді. Бұл жөнінде әлеуметтік парақшасында жазды.
Айбол Әбікен «Ордабасыдан» «Қайсарға» 2025 жылдың қаңтарында ауысқан еді. Өткен маусымда ол Премьер-лигадағы 25 матчқа қатысып, 1 гол соқты.
Жартылай қорғаушы 1996 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2016 жылдан бері «Қайрат», «Ақсу», «Ордабасы» клубтарында доп тепті.
2019-2024 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 16 ойында 1 гол соқты.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас