7 күн бұрын
«Тараздың» жаңа бас бапкері анықталып қойды
Фото Дидар Сыдықбектің жеке парақшасынан
«Тараз» футбол клубының бспорт директоры Дидар Сыдықбек команданың бас бапкері жақын уақытта жарияланатынын айтты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде Дидар Сыдықбек өзінің әлеуметтік парақшасында жазды.
- «Тараз» футбол клубы бас бапкерді тапты. Ресми тағайындауды күтіңіздер. Келіссөз ұзақ уақыт жүрді, - деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ол бұдан бұрын команданың бұрынғы бас бапкері Азиз Анарметов жайында айтып берген еді.
- Азиз Анарметовтың арнайы бапкерлік санаты әзірге болмауына байланысты, командаға жаңа бас бапкер қарастырылуда. Азиз Абдрашитұлы бапкерлік құрамда қызметін жалғастырады. Тараздан шыққан талантты футболшыларды командаға тарту жұмыстары жүргізіледі; Балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға күш салынады. БАҚ-қа барынша ашықтық принципі сақталады, - деді Дидар Сыдықбек.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас