19.12.2025
«Астана» футболшылары мен төрешілер арасында жекпе-жек өтті
Қазақстанда алғаш рет Премьер-лига судьялары мен «Астана» клубы ойыншылары арасында CS2 шоу-матчы өтті. Ойынның сыйақы қоры – 5 млн теңге.
Премьер-лига судьялары құрамында Арман Исмуратов, Антон Кучма, Булат Сариев, Данияр Сахи, Сакен Байымбет және Сергей Ноженко өнер көрсетті.
Ойыншылар тарапынан «Астана» командасында Абзал Бейсебеков, Дмитрий Шомко, Мухамеджан Сейсен, Рамазан Каримов және Ян Вороговский қатысты.
Матч BO3 форматында Inferno, Dust2 және Mirage карталарында өтті. Бірінші картада Inferno ойыншылары 13:9 есебімен жеңіске жетті. Екінші карта Dust2-де судьялар дәл сол есеппен жауап берді. Шешуші Mirage картасында арбитрлер 13:10 есебімен жеңіп, жалпы есепте 2:1 жеңіске жетті.
Бұл жарыс үлкен қызығушылық тудырып, Қазақстандағы футбол мен киберспорттың қосындысындағы ерекше оқиғаға айналды.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!