5 күн бұрын

Еуропадағы жас ойыншы ұлттық құраманы таңдады

Еуропадағы жас ойыншы ұлттық құраманы таңдады

Бельгиялық «Генк» клубының шабуылшысы Шахмұрат Даулетов болашақта тек Қазақстан құрамасының намысын қорғайтынын мәлімдеді.

— Көп адам «сен Қазақстаннансың, бірақ ұзақ уақыттан бері Бельгияда ойнап жүрсің, қай елдің құрамасында ойнағың келеді?» деп сұрайды. Әрине, Қазақстан үшін ойнаймын, себебі бұл — менің Отаным, мен сол жерде дүниеге келдім. Өмірімнің басым бөлігін сонда өткіздім, сондықтан таңдауым тек Қазақстан болады. Бұл — туған еліме деген махаббаттан деп ойлаймын. Кейбіреулер басқа елде туып-өсуі мүмкін, бірақ әрдайым өз түп-тамырыңды ұмытпау керек, — деді футболшы.
— Жақын арада мені ұлттық құрама сапында көресіздер. Иншаллах, Қазақстан құрамасын әлем чемпионатына шығарамын, — деп қосты ол.

Айта кетейік, 16 жастағы қазақстандық шабуылшы футбол жолын «Қайрат» академиясында бастаған. Кейін ол Түркияның «Антальяспор» клубына ауысып, Бельгияның «Беерсхот» командасында өнер көрсетті. Желтоқсан айының басында Шахмұрат Даулетов «Генк» клубының резервтік құрамында УЕФА Жастар лигасында дебют жасады.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас