5 күн бұрын

«Барселона» екі үздік қорғаушыны қатарға қоспақ

«Барселона» екі үздік қорғаушыны қатарға қоспақ

«Барселона» алдағы төрт-бес жылда команданы күшейте алатын орталық қорғаушыларды іздеуде.

Каталондық клуб ең көп қызығушылық танытқан ойыншылар — «Манчестер Сити» сапындағы Йошко Гвардиола мен «Интер» қорғаушысы Алессандро Бастони, деп жазады Mundo Deportivo.

Дереккөзі мәлімдегендей, «Барселона» қаржылық мәселелерін шешкеннен кейін, алдағы жазда оларды сатып алу мүмкіндігін нақты қарастырады. Гвардиола мен Бастониді клуб орталық қорғаныста да, сол қанатта да ойнай алатын, допқа бақылау жасап, ірі матчтар тәжірибесі бар қорғаушылар ретінде бағалайды.

Бұл футболшылар Андреас Кристенсеннің (келісімшарт 2026 жылдың жазында аяқталады) және психологиялық қиындықтармен бетпе-бет келген Рональд Араухоның орнын толтыруы мүмкін.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас