3 күн бұрын

«Реал» өз алаңында «Севильяны» 2:0 есебімен жеңді

«Реал» өз алаңында «Севильяны» 2:0 есебімен жеңді

Мадридтің «Реал» клубы Испания чемпионатының (Ла Лига) 17-туры аясында өз алаңында «Севильямен» кездесті.

Ойын Мадрид қаласындағы «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтті. Кездесуге Алехандро Муньис Руис бастаған төрешілер бригадасы қызмет көрсетті.

«Реалдың» бас бапкері Хаби Алонсо матчқа мынадай құрамды шығарды: Куртуа, Асенсио, Рюдигер, Гарсия, Тчуамени, Хёйсен, Беллингем, Родриго, Гюлер, Мбаппе және Винисиус.

Есеп 38-минутта ашылды — алаң иелері сапынан Джуд Беллингем көзге түсті. Екінші таймда «Севилья» ойыншысы Маркан 68-минутта алаңнан қуылып, қонақтар аз құрамда қалды. Осы басымдықты тиімді пайдаланған мадридтіктер матчты сенімді жеңіске жеткізді. 86-минутта Килиан Мбаппе пенальтиден гол соғып, есепті еселеді — 2:0.

Осы жеңістен кейін «Реалдың» еншісінде 42 ұпай бар. Мадридтік клуб турнир кестесінде көш бастап тұрған «Барселонадан» бір ұпайға ғана қалып келеді, алайда каталондық команданың бір ойыны кем.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас