3 күн бұрын
«Барселона» сенімді жеңіске жетті
Испанияның Ла Лигасындағы 17-турында «Вильярреал» мен «Барселона» командалары кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz
Ойын Испанияның Вильярреал қаласындағы «Керамика» стадионында өтті.
Кездесудегі есеп 12-минутта қонақтар сапындағы шабуылшы Рафиньяның пенальтиден соққан добынан кейін ашылды. 39-минутта «Вильярреал» командасының қорғаушысы Ренату Вейга тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Ал 64-минутта «Барселона» шабуылшысы Ламин Ямаль командасының басымдығын еселеп, ойынның түпкілікті нәтижесін белгіледі. Қорытынды есеп: 2:0.
Испания чемпионатында 18 матч өткізген «Барселона» 46 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап тұр. Ал 16 ойыннан кейін 35 ұпай еншілеген «Вильярреал» төртінші орынға жайғасты.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов