7 күн бұрын
«Астон Вилланың» жеңіс сериясы 10 матчқа жетті
Англия Премьер-лигасының 2025/2026 маусымындағы 17-тур ойынында «Астон Вилла» мен «Манчестер Юнайтед» командалары өзара бақ сынады, деп хабарлайды Sport12.kz
Ойында «Астон Вилла» 2:1 есебімен жеңіске жетті.
45-минутта Морган Роджерс есеп ашып, алаң иелерін алға шығарды. Ал 45+3-минутта Матеус Кунья таразы басын теңестірді. Кездесудің 57-минутында Роджерс дубль авторы атанды.
Осы ойыннан кейін «Астон Вилла» 36 ұпаймен Англия Премьер-лигасының турнир кестесінде үшінші орында тұр. Ал 26 ұпай жинаған «Манчестер Юнайтед» жетінші орынға жайғасты.
Айта кетейік, «Астон Вилла» 7 қарашадан бергі барлық турнирдегі қарсыластарын дамылсыз жеңіп келеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов