8 сағат бұрын

Иван Шараванья «Жеңіс» клубымен келісімшартын ұзартты

Иван Шараванья «Жеңіс» клубымен келісімшартын ұзартты

Босниялық-хорват футболшысы Иван Шараванья «Жеңіс» клубымен келісімшартын ресми түрде ұзартты.

29 жастағы қорғаушының жаңа келісімшарты 2026 жылдың соңына дейін жарамды болады.

Өткен КФЛ маусымында Иван «Жеңіс» құрамында 20 матчқа шықты және бір гол соқты. Астаналық клуб 36 ұпай жинап, турнир кестесінде алтыншы орынға жайғасты.

Шараванья босниялық «Широки-Бриег» академиясының түлегі. Кәсіби мансабын 2016 жылы австриялық «Адмира Ваккер Медлинг» клубында бастаған. Сондай-ақ ол австриялық «Аустрия Клагенфурт», кипрлік «Акритас Хлоракас» және туған «Широки-Бриег» клубтарында ойнаған. Қазақстанда Иван сонымен қатар «Елімай» командасында 14 матч өткізген.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас