4 сағат бұрын

Африка Ұлттар Кубогы–2025 турнирін Қазақстанда MEGOGO көрсетеді

Африка Ұлттар Кубогы–2025 турнирін Қазақстанда MEGOGO көрсетеді

MEGOGO стриминг-сервисы Африка Ұлттар Кубогы–2025 турнирінің Қазақстан аумағындағы OTT-сегменттегі эксклюзивті трансляция құқықтарын иеленді. Турнирдің барлық матчтары қазақ тіліндегі тікелей эфирде көрсетіледі.

Өтетін уақыты: 2025 жылғы 21 желтоқсан – 2026 жылғы 18 қаңтар

Өтетін орны: Марокко

Қатысушылар: Африканың 24 үздік ұлттық құрамасы

Матчтарды MEGOGO платформасында «Кино және ТВ» жазылымы арқылы көруге болады. Трансляциялар «Спорт» бөлімінде және MEGOGO Sport pop-up арнасында қолжетімді болады.

Қазақ тіліндегі комментаторлар құрамында Жақып Марғұлан, Есет Телеш, Есбол Қарагүл, Дәулет Сейітбек және басқа да спорт комментаторлары бар.

Турнирдің ашылу матчы Марокко мен Комор аралдары құрамалары арасында өтеді.

Көрсетілім уақыты: 21 желтоқсан, 23:30

Ашылу салтанатты рәсімімен бірге тікелей эфирде көрсетіледі.

Африка Ұлттар Кубогы–2025 турнирін MEGOGO платформасында қазақ тілінде эксклюзивті түрде тамашалаңыз.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас