6 күн бұрын

Максим Самородов Ресей чемпионатында ерекше жетістікке жетті

Максим Самородов Ресей чемпионатында ерекше жетістікке жетті

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов соққан гол Ресей Премьер-лигасының алғашқы бөлігіндегі «Ахматтың» ең үздік голы деп танылды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Грозныйлық «Ахмат» клубының баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 жастағы шабуылшының Ресей Премьер-лигасының 13-турында «Сочиге» қарсы өткен матчта (2:4) соққан добы жанкүйерлер арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша Ресей чемпионатының алғашқы бөлігіндегі ең үздік гол атанған.

Ағымдағы маусымда Самородов «Ахмат» сапында 22 матч өткізіп, екі гол соғып, төрт нәтижелі пас берген.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас