6 сағат бұрын
«Астон Вилланың» бас бапкері: чемпиондыққа үміткер емеспіз
«Астон Вилла» командасының бас бапкері Унаи Эмери Англия чемпионатының 17-туры аясында «Манчестер Юнайтедті» жеңгеннен кейін лигадағы жүлделі орындар үшін күрес туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz
«Шынайы жағдай - біздің мүмкіндіктеріміз бен әлеуетіміз. Біз «Арсенал» және «Манчестер Сити» сияқты командаларға қарсы ойнадық. Иә, біз оларды өз алаңымызда жеңдік. Бірақ олардың тактикалық қоры өте мол әрі футболшылары ең жоғары деңгейде. Бізде де сапа бар. Алайда олармен тең дәрежеде чемпиондыққа үміткер бола алмаймыз.
Әрине, шамамен үш жылдан бері тұрақты ойнап келеміз. Еурокубок аймақтарына шығып жүрміз. Бірақ біз қарапайым болып, ұпайды қалай жинау керегін нақты түсінуіміз керек. Біз ақылды, бәсекеге қабілетті, тұрақты болып, осы деңгейді сақтағымыз келеді», — деп келтіреді Эмеридің сөзін BBC.
Қазіргі уақытта «Астон Вилла» АПЛ турнирлік кестесінде 36 ұпаймен үшінші орында тұр. Көш басында «Арсенал» (39 ұпай). Екінші орында — «Манчестер Сити» (37 ұпай).
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов