22.12.2025

Асхат Тағыбергеннің мансабын жалғастырудың тағы бір нұсқасы анықталды

Асхат Тағыбергеннің мансабын жалғастырудың тағы бір нұсқасы анықталды

Фото: ҚФФ

Асхат Тағыберген қостанайық «Тобыл» сапында мансабын жалғастыруыы мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.

Біздің ақпаратымыз бойынша, ол ертең Қостанайға аттанады. Онда келісімшарт созу мәселесін талқылайды. 

2025 жылы жартылай қорғаушы «Тобыл» 21 кездесуде 2 гол соғып, 2 мәрте нәтижелі пас берді.

Асхат Тағыберген 1990 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазірге дейін «Қайсар», «Ақтөбе», «Астана», «Тобыл», «Ордабасы» клубтарында доп тепті.

Асхат Тағыберген биылғы жылғы амусым айында 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі Солтүстік Македониямен кездесуден кейін ұлттық құрама сапындағы мансабын аяқтағанын мәлімдеді. 

Он жылдан астам уақыттан бері Асхат ұлттық құрама сапында 63 матчта 3 гол соғып, 7 нәтижелі пас авторы атанды.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!