6 күн бұрын
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы әлемдік рейтингте жоғарлады
Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (ФИФА) ерлер құрамаларының жаңа әлемдік рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан ұлттық құрамасы бір сатыға көтеріліп, қазіргі таңда ФИФА рейтингінде 114-орында тұр.
Қараша айында Талғат Байсуфинов баптайтын құрама екі матч өткізді. 15 қарашада 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің соңғы турында қазақстандықтар топ көшбасшысы Бельгия құрамасымен 1:1 есебімен тең ойнады. Үш күннен кейін, 18 қарашада, ұлттық құрама Фарер аралдары командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
2025 жылғы 22 желтоқсандағы ФИФА рейтингі:
1 (1). Испания — 1877.18
2 (2). Аргентина — 1873.33
3 (3). Франция — 1870
4 (4). Англия — 1834.12
5 (6). Бразилия — 1760.46
6 (5). Португалия — 1760.38
7 (7). Нидерланд — 1756.27
8 (8). Бельгия — 1730.71
9 (10). Германия — 1724.15
10 (11). Хорватия — 1716.88
…
32 (32). Уэльс — 1529.71
66 (65). Солтүстік Македония — 1378.57
113 (113). Кения — 1179.54
114 (115). Қазақстан — 1173
115 (114). Мавритания — 1171.35
205 (205). Лихтенштейн — 799.8
210. Сан-Марино — 726.03
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов