6 күн бұрын
«Реал» 2026 жылға арналған алғашқы трансферін жасады
Мадридтің «Реал» клубының бразилиялық шабуылшысы Эндрик маусымның қалған бөлігін Францияның «Лион» клубында өткізеді.
Мадридтік «Реал» мен «Олимпик Лион» 18 жастағы футболшыны жалға беру туралы келісімге келген. Келісім 2026 жылдың маусым айына дейін жарамды және сатып алу құқығын қарастырмайды — жалға алу мерзімі аяқталған соң Эндрик «Реалдың» қатарына қайта оралады.
Шарт бойынша футболшының жалақысының 50 пайызын француз тарапы төлейді. Сонымен қатар келісімшартта Эндрикке «Лионның» негізгі құрамында белгілі бір санда матч өткізуге кепілдік беретін арнайы тармақ енгізілген.
Айта кетейік, ағымдағы маусымда Эндрик «Реал» сапында сирек алаңға шықты. Ол барлық турнирде үш матчқа қатысып, барлығы 99 минут ойнады. Алайда гол соғып немесе нәтижелі паспен көзге түсе алған жоқ.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас