7 сағат бұрын

Жаңа жыл қарсаңында инклюзивті «Football for Life» фестивалі өтеді

Жаңа жыл қарсаңында инклюзивті «Football for Life» фестивалі өтеді

Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан футбол федерациясы UEFA және «Феникс» қайырымдылық қоры бірлесіп, онкологиялық ауруды жеңген және ағза трансплантациясын өткерген балаларға арналған инклюзивті «Football for Life» фестивалін ұйымдастырады.

Фестивальдің басты мақсаты – балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жаңа жыл қарсаңында ұмытылмас әсер қалдыру. Іс-шараға 8–14 жас аралығындағы 60 бала қатысып, олар 8 командаға бөлінеді.

Бағдарлама аясында аниматорлардың қойылымы, футбол тақырыбындағы белсенді аймақтар, флешмобтар және түрлі ойын-сауық шаралары өтеді. Фестиваль соңында барлық қатысушылар естелік сыйлықтар мен марапаттарға ие болады.

Айта кетейік, инклюзивті «Football for Life» фестивалі 27 желтоқсанда «Футбол үйінде» сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін өтеді.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас