6 күн бұрын

Шымкентте инвесторларға қатаң талап қойылды

Шымкентте инвесторларға қатаң талап қойылды

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сарсен Құранбек Қазақстандағы футбол клубтарын жеке меншіктендіру мәселесі туралы пікір білдіріп, командалардың жаңа иелеріне қойылатын қатаң талаптар жөнінде ескерту жасады.

Оның айтуынша, бірнеше клуб бұрыннан-ақ жеке меншіктендіруден өтті. Олардың ішінде алматылық «Қайрат», елордадағы «Жеңіс» және Қызылордадағы «Қайсар» бар. Сонымен қатар, ашық дереккөздерге сәйкес, қарағандылық «Шахтер» бизнесмен Тимур Турловтың бақылауына өткен.

Құранбек клубтың меншік формасын өзгерту инвесторға стратегиялық бағытын өзгертуге құқық бермейтінін атап өтті.

«Жеке қолға өткен клуб өзінің бағыты мен стратегиясын өзгертіп жібермеуі тиіс. Инвестор міндетті түрде қаражат салып, команданың айналасында тұрақты индустрия құруға атсалысуы қажет», — деді ол.

Айта кетейік, елдегі футбол клубтарының жаппай жеке меншіктендірілуі 2025 жылғы күзде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін басталған. Бұған дейін Шымкент әкімдігі хабарлағандай, «Ордабасы» клубы 2025 жылдың соңына дейін жеке меншікке өтуі тиіс.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас