6 сағат бұрын

«Кайсарға» алғаш рет шетелдік футболшы қосылды

«Кайсарға» алғаш рет шетелдік футболшы қосылды

Қызылорданың «Кайсар» футбол клубы тарихта алғаш рет Чилилік шабуылшы Томас Джонсты қатарына қосты. 28 жастағы ойыншы өз мансабында алғаш рет шетелдік клубта өнер көрсетпек. Бұған дейін Томас тек туған еліндегі «Санта-Крус», «Магалланес» және «Копиапо» клубтарында ойнаған, сондай-ақ Чили жасөспірімдер құрамасының (U-20) экс-ойыншысы болып табылады.

Қазіргі уақытта Томас Джонс командаға қосылып, екінші оқу-жаттығу жиынына қатысуға дайындалып жатыр. Оның трансферлік құны шамамен 450 мың евро деп бағалануда.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас