5 сағат бұрын
Transfermarkt әлем футболындағы ең қымбат құрамды атады
Беделді Transfermarkt порталы футбол клубтарының құрамының жалпы құны бойынша рейтингті жаңартты. Тізімнің көшін мадридтік «Реал» бастады. Сондай-ақ әлемдегі ең қымбат он команданың қатарына лондондық «Тоттенхэм» де енді.
Transfermarkt дерегіне сүйенсек, қазіргі таңда әлем футболындағы ең қымбат құрам «Реал Мадридке» тиесілі.
«Қаймақтардың» негізгі командасындағы ойыншылардың жалпы нарықтық құны 1,38 миллиард еуроға бағаланып отыр. Бұл көрсеткіш мадридтік клубты рейтингтің сөзсіз көшбасшысы етті.
Екінші орынға 1,29 миллиард еуро көрсеткішімен лондондық «Арсенал» жайғасты. Үшінші орынды 1,19 миллиард еуроға бағаланған «Манчестер Сити» мен Францияның ПСЖ клубы бөлісті.
Сондай-ақ алғашқы ондыққа «Челси», «Барселона» және «Ливерпуль» кірді. Аталған клубтардың құрамының құны бір миллиард еуродан асады.
Лондондық «Тоттенхэм» рейтингте тоғызыншы орын алды. Клуб құрамының жалпы құны 878,5 миллион еуроны құрап, әлемдегі ең қымбат командалардың ондығында тұрақтады.
Transfermarkt нұсқасы бойынша үздік 10 клуб:
- «Реал Мадрид» — 1,38 млрд еуро
- «Арсенал» — 1,29 млрд еуро
- «Манчестер Сити» — 1,19 млрд еуро
- ПСЖ — 1,19 млрд еуро
- «Челси» — 1,18 млрд еуро
- «Барселона» — 1,12 млрд еуро
- «Ливерпуль» — 1,04 млрд еуро
- «Бавария» — 980 млн еуро
- «Тоттенхэм» — 878,5 млн еуро
- «Манчестер Юнайтед» — 719,5 млн еуро
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас