9 сағат бұрын

«Қайсар» құрамына испан тілді тағы 3-4 футболшы қосылады

«Қайсар» құрамына испан тілді тағы 3-4 футболшы қосылады

Фото: «Қайсар» футбол командасы

Қызылордалық «Қайсар» құрамына испан тілін жақсы білетін тағы үш-төрт футболшы қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде командаға жақын дерек көздерінен белгілі болды.

Қызыордалық клуб қазірге дейін Чили футболшысы Томас Джонспен келісімшартқа қол қойды. Енді бұл тізімге тағы шетелдік ойыншылар қосылады. Олар Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтуі жоспарланған екінші оқу-жаттығу жиынында сынақтан өткізіледі. 

Қазірге дейін «Қайсар» қазақстандық қорғаушы Сағи Совет пен шабуылшы Бақдәулет Көңлімқосты қатарға қосып үлгерді. 

Қазан айының 31-і күні қызылордалық клуб елімізде «Қайраттан» кейін алғашқы болып жекеменшікке өтті. Ендігі кезекте олар 2027 жылы еурокубокта бақ сынауды жоспарлап отыр. Ол үшін алдағы жылы ел біріншілігінде жүлдегерлер қатарынан көріну немесе кубокқа қол созуды көздейді. 


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас