5 сағат бұрын
Дамир Марат «Қайсар» сапына ауыспайтын болды
Фото: kazfootball.kz
Қазақстандық жартылай қорғаушы Дамир Марат алдағы маусымда «Қайсар» командасы ойнау мүмкіндігі төмен, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл мәлімет командаға жақын дерек көзінен белгілі болды. Футболшы қызылордалық клуб ұсынған қаржылық жағдай бойынша келісімге келе алмаған. Сондықтан ол еліміздің өзге клубтарының біріне ауысуға ниет білдірді.
Дамир Марат 2000 жылы дүниеге келген. Қазірге дейін «Рузаевка», «Алтай», «Екібастұз», «Ақсу», «Каспий», «Оқжетпес» клубында доп тепті.
2022 жылы 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасында ойын көрсетті.
Айта кетсек, биыл «Қайсар» командасы бас бапкері қызметіне қазақстандық маман Андрей Ферапонтов тағайындалды.
Қазан айының 31-і күні қызылордалық клуб елімізде «Қайраттан» кейін алғашқы болып жекеменшікке өтті. Ендігі кезекте олар 2027 жылы еурокубокта бақ сынауды жоспарлап отыр. Ол үшін алдағы жылы ел біріншілігінде жүлдегерлер қатарынан көріну немесе кубокқа қол созуды көздейді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас