7 күн бұрын
«Манчестер Сити» сырт алаңда жеңіске жетті
Англия Премьер-лигасының 18-туры аясында «Ноттингем Форест» пен «Манчестер Сити» командалары арасындағы матч аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz
Ойынның 48-минутында «Манчестер Ситидың» жартылай қорғаушысы Тейани Рейндерс қонақтарды алға шығарды. 54-минутта алаң иелерінің ойыншысы Омари Хатчинсон таразы басын теңестірді. Ал 83-минутта Райан Шерки «қалалықтарды» қайтадан алға шығарды.
Англия чемпионатында өткізілген 18 матчтан кейін «Ноттингем Форест» 18 ұпай жинап, турнир кестесінде 17-орында тұр. «Манчестер Сити» 40 ұпаймен бірінші орынға көтерілді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов