5 күн бұрын

«Ливерпуль» Салахсыз кезекті жеңісін тіркеді

«Ливерпуль» Салахсыз кезекті жеңісін тіркеді

Англия Премьер-лигасының 18-туры аясында «Ливерпуль» мен «Вулверхэмптон» командалары арасындағы матч аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz

Ойындағы есепті 41-минутта жартылай қорғаушы Райан Гравенберх ашты. 42-минутта Флориан Вирц алаң иелерінің екінші голын соқты. Екінші таймда, 52-минутта қонақтар сапындағы қорғаушы Сантьяго Буэно бір голды қайтарды.

«Ливерпуль» Англия чемпионатының турнир кестесінде төртінші орында тұр. Команда 18 матчта 32 ұпай жинады. Көш бастап тұрған «Арсеналдан» 10 ұпай қалып тұр. Ал «Вулверхэмптон» небәрі екі ұпаймен соңғы 20-орында орналасқан.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас