5 күн бұрын
2025 жылдың ең үздік ұлттық құрамасы белгілі болды
Жексенбі күні Globe Soccer Award салтанатында марапаттар табысталады, деп хабарлайды Sport12.kz
«Үздік ұлттық құрамасы» номинациясында 2025 жылы жеңісті Португалия құрамасы тойлайды.
Айта кетейік, маусым айында Португалия құрамасы Ұлттар Лигасын жеңіп алды. Финалда Роберто Мартинестің командасы Испанияны пенальти сериясынан кейін жеңді. Португалия құрамасында жұлдызды шабуылшы Криштиану Роналду ойнайды. Жазда Португалия құрамасы әлем чемпионатында өнер көрсетеді. Турнирді үш мемлекет – АҚШ, Канада және Мексика қабылдайды. Топтық кезеңде португалдықтардың қарсыластары Өзбекстан, Колумбия және құрлық аралық матчтардың бір жеңімпазы болады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов