7 күн бұрын

«Ливерпуль» жаңа ойыншы сатып алды

«Ливерпуль» жаңа ойыншы сатып алды

14 жастағы украиналық жартылай қорғаушы Мирослав Васьковский «Ливерпуль» клубына ауысты, деп хабарлайды Sport12.kz

Бұл туралы мерсисайдтық алып клубтың баспасөз қызметі хабарлады. «Мирослав, қош келдің», — делінген «қызылдардың» жарияланымында.

Болашағынан үміт күттіретін жартылай қорғаушы «Ливерпульге» аустриялық «Аустрия» клубынан келді. Васьковский 2022 жылдан бері осы клубтың академиясында жаттыққан. Мирослав — Украина U15 жасөспірімдер құрамасының ойыншысы.

Англия Премьер-лигасының 18 турынан кейін Арне Слот шәкірттері 32 ұпай жинады. Мерсисайд командасы турнир кестесінде төртінші орында тұр.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас