30.12.2025
КПЛ клубы Серікжан Мужиковпен қоштасты
Көкшетау қаласының «Оқжетпес» футбол клубы тәжірибелі қазақстандық жартылай қорғаушы Серікжан Мужиковпен келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты ресми түрде қоштасты.
36 жастағы футболист өткен маусымда команда құрамында 22 ойын өткізіп, бір гол соғып, үш голдандырудан пас берді. Сондай-ақ, Мужиков биыл Қазақстан ұлттық құрамасында үш ойынға қатысты.
Бұған дейін Серікжан Мужиковпен келісімшартқа Талдықорғанның «Жетісу» клубы қол қойғанын жариялаған болатын. «Оқжетпес» клубы КПЛ-2025 маусымын 35 ұпаймен 8-ші орында аяқтады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»