14 сағат бұрын
«Тараз» клубы Премьер-лиганың ойыншысын қатарға қосты
«Тараз» клубы 30 жастағы қазақстандық қорғаушы Нұрлан Дайыровпен келісімшартқа қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz
Нұрлан Дайыров — «Қайрат» клубының түлегі. 2012 жылы қорғаушы клубтың қосалқы құрамында өнер көрсете бастады. Премьер-лигадағы дебюті 2016 жылы «Ордабасыға» қарсы ойында өтті. Сондай-ақ ол «Тұран», «Тараз», «Мақтаарал» және «Жетісу» клубтарында ойнаған.
Өткен маусымда Қазақстан Премьер-лигасында көкшетаулық «Оқжетпес» сапында 7 матч өткізді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов