7 күн бұрын
Роналду әлемдік рекордты жаңартты
Португалия құрамасы мен «Аль-Наср» клубының көшбасшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатындағы ойында кәсіби мансабындағы 957-ші голын соғып, әлемдік рекордты жаңартты.
Роналду чемпионаттың 11-туры аясында «Аль-Иттифакқа» қарсы өткен кездесуде 67-минутта гол авторы атанды. Алайда матч 2:2 есебімен тең аяқталды.
Қонақтар сапында португалиялық Жоау Феликс 47-минутта көзге түссе, алаң иелері үшін нидерландтық жартылай қорғаушы Жоржиньо Вейналдум 16 және 80-минуттарда дубль жасады.
Қазіргі таңда Сауд Арабиясы чемпионатының үздік сұрмергендері қатарында Роналду мен Феликс 13 голмен көш бастап тұр.
Бұл ойын «Аль-Наср» үшін маусымдағы алғашқы ұпай жоғалту болды — бұған дейін команда қатарынан он матчта жеңіске жеткен еді. 31 ұпаймен «Аль-Наср» турнир кестесінде көшбасшылықты сақтап қалды, ал «Аль-Иттифак» 16 ұпаймен сегізінші орында тұр.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас