7 сағат бұрын
Энцо Мареска «Челсиден» кетсе де өтемақы алудан бас тартты
Ағылшынның «Челси» клубының бұрынғы бас бапкері, италиялық маман Энцо Мареска қызметінен кеткеннен кейін өтемақы алудан бас тартты. Бұл туралы talkSPORT хабарлайды.
«Челси» клубы Маресканың жұмыстан босатылғанын бүгін, 1 қаңтарда ресми түрде жариялады. Маманың лондондық клубпен жасалған келісімшарты 2029 жылдың жазына дейін жарамды болған.
Қазіргі таңда «Челси» 2025/2026 жылғы Ағылшын Премьер-лигасы маусымында 19 турдан кейін 30 ұпаймен турнирлік кестеде бесінші орында тұр. Ал көш басында 45 ұпай жинаған «Арсенал» келеді.
Айта кетейік, келесі турда «Челси» сырт алаңда «Манчестер Ситимен» кездеседі. Матч жексенбі, 4 қаңтар күні өтеді. Кездесу Астана уақытымен 22:30-да басталады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас