7 сағат бұрын

«Реал Мадрид» рекорд орнатты

«Реал Мадрид» рекорд орнатты

Мадридтің «Реал» клубы 2025 жылы бір күнтізбелік жыл ішінде ең көп матч өткізген маусымын тіркеп, клуб тарихындағы рекордты жаңартты.

AS дерегіне сүйенсек, бұған дейінгі рекорд 2000 жылы орнатылған — 66 матч. Ал келесі бес жылда команда әр маусымда тұрақты түрде 63 ойыннан өткізген.

2025 жылы «Реал Мадрид» барлығы 67 матчқа шығып, оның 46-сында жеңіске жетті. Бұл — клубтың ең үздік көрсеткіші емес. Жеңістер саны бойынша рекорд 2014 жылы Карло Анчелотти баптаған ұжымға тиесілі — 63 ойынның 51-інде жеңіске жеткен.

Айта кетерлігі, матч саны рекордтық деңгейге жеткеніне қарамастан, маусым «Реал» үшін бірде-бір жүлдесіз аяқталды.

67 матчта мадридтіктер 142 гол соғып, 80 гол жіберіп алған. Тек жеті кездесуде ғана команда қарсылас қақпасын дәл көздей алмады.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас