6 сағат бұрын
«Сантос» ойыншысы «Қайсар» сапына қосылуы мүмкін
Бразилиялық жартылай қорғаушы Кауан Перейра «Қайсар» сапына қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде инсайдерлік ақпарат көздерінен белгілі болды.
Перейра атақты «Сантос» клубынан ауысып келеді. Негізгі позициясы - қапталдағы шабуылшы яғни вингер.
Кауан Перейра 2004 жылы дүниеге келген.
Қазірге дейін команда құрамына шетелден жаңадан қақпашы Адам Ковач (Словакия), қорғаушы Никола Цуцкич (Сербия), шабуылшы Томас Джонс (Чили) келді.
Биыл команда алдында жүлделі орындардың біріне ілігу және Қазақстан кубогына қол созу міндеті тұр. Сондықтан олар алдымен бас бапкерді ауыстырды. Бұл қызметке қазақстандық маман Андрей Ферапонтов келді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас