5 күн бұрын

Ағылшын Премьер-лигасында үмітті ақтамаған трансферлердің тізімі жасалды

Ағылшын Премьер-лигасында үмітті ақтамаған трансферлердің тізімі жасалды

Белгілі Goal порталы Англия Премьер-лигасының биылғы маусымындағы ең сәтсіз трансферлер тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz

Goal нұсқасы бойынша басты көңіл қалдырған ойыншы - 2025 жылдың жазында «Ньюкаслдан» «Ливерпульге» 145 миллион еуроға ауысқан Александр Исак. Сондай-ақ үздің үштікке Харви Эллиотт («Астон Вилла») пен Арно Калимуэндо («Ноттингем Форест») кірді. Тізімде Энтони Эланга («Ньюкасл»), Беньямин Шешко («Манчестер Юнайтед»), Виктор Дьёкереш («Арсенал»), Милош Керкез («Ливерпуль»), Джедон Санчо («Астон Вилла»), Тьерно Барри («Эвертон»), Джейми Байно-Гиттенс («Эвертон») және Рандаль Коло-Муани («Тоттенхэм») да бар.

Осы маусымда 26 жастағы Исак барлық турнирлерді есепке алғанда «Ливерпуль» сапында 16 матчқа қатысып, 3 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас