4 күн бұрын
«Қайрат» БАӘ-де оқу-жаттығу жиынын бастады
Фото: «Қайрат» футбол клубы
«Қайрат» командасы Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласындағы оқу-жаттығу жиынындағы алғашқы жаттығуын бастады, деп хабарлайды Sport12.kz.
4 қаңтар күні таңертең ерте «Қайрат» Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанып, 15 қаңтарға дейін жалғасатын оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиынның негізгі мақсаты - оңтайлы физикалық формаға келу және ресми матчтарға дайындық.
Абу-Дабиде командам екі бақылау кездесуін өткізеді, Алдымен 9 қаңтарда «Нефтчи» (Әзербайжан) командасымен кездессе. 14 қаңтарда «Вараждин» (Хорватия) клубымен кездеседі.
20 қаңтарда алматылық клуб Астанада бельгиялық «Брюггемен» ойнайды, ал 28 қаңтарда Лондонда УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі соңғы матчты «Арсеналға» қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас