3 күн бұрын

Африка ұлттар лигасында Камерун ширек финалға шықты

Африка ұлттар лигасында Камерун ширек финалға шықты

Фото. Cafonline.com

Футболдан Африка ұлттар лигасында ширек финалға шыққан тағы бір құрама анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Жарыстың 1/8 финалында Камерун мен Оңтүстік Африка кездесті. Ойын барысында камерундық футболшылар ширақ қимылдады. Қарсылас қақпасына екі гол соқса, өз қақпасына бір гол жіберіп алды. 

Осылайша Оңтүстік Африканы 2:1 есебімен тізе бүктірген олар ширек финалға шықты. Енді олар ширек финалда 10 қаңтарда Мароккомен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ тағы бір ширек финалда 9 қаңтарда Мали мен Сенегал ойнайды.

Енді 5 қаңтарда Египет пен Бенин, 6 қаңтарда Нигерия мен Мозамбик, Алжир мен Конго ДР, 7 қаңтарда Кот-д'Ивуар мен Буркино-Фасо кездеседі.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас