2 күн бұрын

Юрген Клопп «Челсиді» жаттықтыра ма?

Юрген Клопп «Челсиді» жаттықтыра ма?

«Челси» Энцо Марескамен қош айтысып, жаңа бас бапкерді тағайындау бағытында жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz

Барлық жағдай лондондық клубтың тізгінін Лиам Розеньор ұстайтынын меңзейді. Дегенмен, Fichajes порталының мәліметінше, клуб Юрген Клопптың қызметіне де шындап қызығушылық танытқан.

Дереккөздің хабарлауынша, Клопп «Челсиге» тағайындалу нұсқасынан бірден бас тартқан. Неміс маманның жауабы «дереу әрі нық» болған. Бұған дейін Юрген Клопп Англияда «Ливерпульден» өзге командада жұмыс істемейтінін бірнеше рет айтқан. Ол мерсисайдтық клубты 2015–2024 жылдары жаттықтырды. Ал қазір «Ред Булл» футбол жүйесінде қызмет атқарып жүр.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас