2 күн бұрын
«Қайрат» клубы үш легионермен толықты
Алматылық «Қайрат» оқу-жаттығу жиынына үш футболшының қосылғанын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.
«Жоржиньо, Валерий Громыко және Егор Сорокин жаттығуларға қосылды», — деп жазды команда Instagram парақшасында.
Айта кетейік, «Қайраттың» Абу-Дабидегі (БАӘ) алғашқы оқу-жаттығу жиыны 4 қаңтарда басталып, 15 қаңтарға дейін жалғасады. 20 қаңтарда клуб Астанада Чемпиондар лигасы аясында бельгиялық «Брюггеге» қарсы матч өткізеді. Ал 28 қаңтарда Лондонда «Қайрат» еурокубоктың жалпы кезеңіндегі соңғы ойынын «Арсеналға» қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов