1 күн бұрын

Испания Суперкубогы: «Барселона» — «Атлетик» 5:0 шолу

Испания Суперкубогы: «Барселона» — «Атлетик» 5:0 шолу

Футболдан Испания Суперкубогының жартылай финалында «Барселона» мен Бильбаоның «Атлетик» клубы кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Матч Сауд Арабиясының Джидда қаласындағы «Кинг Абдулла Спортс Сити» стадионында өтті. Кездесуге бас төреші Исидро Диас де Мера Эскудерос бастаған төрешілер бригадасы қызмет етті.

Командалардың бастапқы құрамдары:

«Барселона»: Жоан Гарсия, Кубарси, Эрик Гарсия, Бальде, Кунде, де Йонг, Педри, Фермин, Барджи, Рафинья, Ферран;

«Атлетик»: Симон, Паредес, Вивиан, Аресо, Адама, Хаурехисар, Рего, Беренгер, Сансет, Наварро, Иньяки Уильямс.

Бірінші таймда каталондықтар қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. 22-минутта Ферран Торрес есеп ашса, 30-минутта Фермин Лопес Мартин, 34-минутта Руни Барджи, ал 38-минутта Рафинья мергендік танытты.

Екінші таймда Рафинья 52-минутта тағы бір гол соғып, дубль авторы атанды — 5:0.

Осылайша, «Барселона» финалға жолдама алды. Шешуші матчта каталондықтар мадридтік дербидің жеңімпазымен — «Атлетико» мен «Реал» арасындағы ойынның ұтқан командасымен кездеседі. Бұл матч бейсенбіден жұмаға қараған түні өтеді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас