13 сағат бұрын

«Реал Мадрид» – «Атлетико» Тікелей эфир

«Реал Мадрид» – «Атлетико» Тікелей эфир

Мадрид дербиі Испания Суперкубогының финалына кім шығатынын анықтайды.

8 қаңтардан 9 қаңтарға қараған түні Испания Суперкубогының жартылай финалында мадридтік дерби өтеді. Бұл матчта «Реал» мен «Атлетико» кездеседі.

Ойын Сауд Арабиясының Джидда қаласындағы «Кинг Абдулла Спортс Сити» стадионында өтеді. Бас төреші болып Матео Бускетс тағайындалған.

Матчтың басталу уақыты — Қазақстан уақытымен 00:00. Тікелей трансляцияны ALTYN•DOP Telegram арнасы көрсетеді.

Матчтың ең жарқын сәттерін ALTYN•DOP Telegram арнасынан live режимінде көруге болады.

Алғашқы жартылай финалдық матчта «Барселона» Бильбаолық «Атлетикті» 5:0 есебімен сенімді түрде жеңді.

Испания Суперкубогының қазіргі иегері — «Барселона». 2025 жылғы турнирдің финалында каталондық клуб мадридтік «Реалды» 5:2 есебімен ойсырата жеңген болатын.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас