21 сағат бұрын

MEGOGO Қазақстанда футболдан Испания Суперкубогының 2028 жылға дейінгі эксклюзивті трансляторы атанды

MEGOGO Қазақстанда футболдан Испания Суперкубогының 2028 жылға дейінгі эксклюзивті трансляторы атанды

MEGOGO стриминг-сервисы Қазақстан аумағында футболдан Испания Суперкубогын көрсетуге эксклюзивті құқық алды. Жаңа серіктестік келісім үш маусымға — 2028 жылға дейін жасалды.

Ағымдағы маусымда турнир 7–11 қаңтар аралығында Сауд Арабиясында өтеді және үш матчтан тұрады: екі жартылай финал және финалдық кездесу. Жүлде үшін Суперкубоктың қазіргі иегері «Барселона», сондай-ақ «Атлетик», «Реал Мадрид» және «Атлетико» клубтары бақ сынайды.

«Біз қазақстандық көрермендерге әлемдегі ең ірі спорттық оқиғаларды қолжетімді етуді мақсат етеміз. Испания Суперкубогын көрсетуге эксклюзивті құқық алу — MEGOGO-ның спорттық бағытын дамытудағы және үздік футбол контентін ұсынудағы кезекті қадамымыз», — деп пікір білдірді MEGOGO бас директоры Нұрлан Чукубаев.

Бүгін, 8 қаңтар күні, «Атлетико» — «Реал Мадрид» арасындағы жартылай финалдық матч өтеді. Трансляцияның басталуы — 23:50. Кездесуді Есбол Қарагүл жүргізеді. .

Алғашқы жартылай финалда «Барселона» Бильбаоның «Атлетик» командасын 5:0 есебімен жеңіп, финалдағы қарсыласын күтуде. Ықтимал Эль Класико жексенбі, 11 желтоқсанда Астана уақыты бойынша 23:50-де өтеді.

Қазіргі таңда «Барселона» Испания Суперкубогының рекордсмені болып табылады — клуб турнирді 15 рет жеңіп алған. «Реал Мадрид» өз тарихында 13 рет Суперкубокты иеленген.

Испания Суперкубогының матчтары MEGOGO платформасында «Кино және ТВ» жазылымы аясында «Спорт» бөлімінде, сондай-ақ MEGOGO Sport жеке pop-up арнасында эксклюзивті түрде қолжетімді болады.




Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас