1 күн бұрын

«Ақтөбе» жанкүйерлері мен команда басшысы арасында жанжал туындады

«Ақтөбе» жанкүйерлері мен команда басшысы арасында жанжал туындады

Фото: kazfootball.kz

«Ақтөбе» жанкүйерлері команда басшылығына жаңадан тағайындалған Арман Оспановтың қызметке келуіне қарсылығын білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жанкүйерлер баспасөз мәслихатына баса көктеп кіріп, оның қызметтен кетуін талап етті.

Өткен жылдың қыркүйек айында Арман Оспанов әлеуметтік желіде «Ақтөбе» командасы мен жанкүйерлері жайында жағымсыз пікірлер жазғаны белгілі болды. Жанкүйерлер сол пікірлерді арнайы шығарып алып келіп, ол жайында түсініктеме беруін сұрады. 

Айта кетсек, бүгін «Ақтөбе» футбол клубы Qazaq Stroy Properties компаниясының жекеменшігіне өтті.

Аталған компания «Ақтөбе» футбол клубын ұзақмерзімдік даму стратегиясы бар, жүйелі әрі тұрақты спорттық жоба ретінде қабылдайды. Жаңа басшылық өз алдына бірнеше нақты жоспар қойды. Олардың қатарында клубтың спорттық нәтижелерін тұрақты түрде жақсарту, балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту, академия мен инфрақұрылымды жаңғырту секілді мәселелер бар. 


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас