1 күн бұрын
«Ақтөбе» футбол клубының жаңа басқарма төрағасы тағайындалды
Фото. «Ақтөбе» футбол клубы
Төрағалық қызметті енді Арман Әшімханұлы Оспанов атқарады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Ол FIFA Master (CIES, 2001) бағдарламасының алғашқы түлектерінің бірі. 2002 жылы халықаралық байланыстар жөніндегі менеджер ретінде Қазақстан футбол федерациясының УЕФА ұйымына өту тұжырымдамасын әзірлеуге қатысып, жұмысшы комиссия құрамында болған. Сондай-ақ еліміздегі бірқатар ірі компанияларда басқарма төрағасының орынбасары және директор қызметтерін атқарған тәжірибелі маман.
Ал Санат Шалекенов «Ақтөбе» футбол клубы басқарма төрағасы қызметін тоқтатты. Өткен маусымда команда құрылымындағы «Ақтөбе» ӘФК Қазақстан әйелдер лигасы тарихында алғаш рет чемпиондық атаққа қол жеткізген еді. Сондай-ақ, Санат Нұрымұлы тұсында балалар футболын дамытуға баса назар аударылып, жергілікті жеке мектептер мен «Ақтөбе» футбол клубы арасында бірнеше меморандумға қол қойылды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас