19 сағат бұрын

Бундеслиганың желтоқсандағы үздік ойыншысы анықталды

Бундеслиганың желтоқсандағы үздік ойыншысы анықталды

Мюнхеннің «Бавария» клубының шабуылшысы Харри Кейн желтоқсан айының қорытындысы бойынша Германия Бундеслигасының үздік ойыншысы атанды. Бұл туралы лиганың ресми сайты хабарлады.

Аталған жүлдеге Майкл Олисе, Йосип Станишич (екеуі де — «Бавария»), Патрик Виммер («Вольфсбург»), Ян Диоманд және Кристоф Баумгартнер (екеуі де — «РБ Лейпциг») үміткер болған.

Жүлдені анықтау екі кезеңнен тұрады. Алдымен ойыншылардың ай ішіндегі көрсеткіштері есепке алынады, кейін жанкүйерлер мен сарапшылардың таңдауы қосылады.

Желтоқсан айында Харри Кейн Германия чемпионатындағы үш матчта бес гол соғып, қарсылас қақпасына 18 соққы жасаған.

Қазіргі маусымда шабуылшы барлық турнирде «Бавария» сапында 25 матч өткізіп, 30 гол соғып, үш нәтижелі пас авторы атанды.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас