19 сағат бұрын
Испания Суперкубогінің екінші финалисі анықталды
Испания Суперкубогінің екінші жартылай финалында мадридтік дерби өтті. «Реал» мен «Атлетико» арасындағы тартысты матч «корольдік клубтың» жеңісімен аяқталды.
Ойынның екінші минутында мадридтіктердің капитаны Федерико Вальверде айып добын дәл орындап, есеп ашты. Екінші таймда ол нәтижелі пас беріп, голдың авторы Родриго атанды. Ал «Атлетико» сапынан Александр Сорлот бір голмен көзге түсті.
Осылайша Алонсо баптайтын «Реал Мадрид» финалға жолдама алды. Айта кетейік, бұған дейін «Барселона» «Атлетик Бильбаоны» ірі есеппен жеңіп, финалға шыққан болатын.
Финалдық матч 12 қаңтарға қараған түні, Астана уақытымен 00:00-де өтеді. Шешуші ойында жанкүйерлерді классикалық «Эль Классико» күтеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас