18 сағат бұрын
«Қайрат» бүгін алғашқы жолдастық кездесуін өткізеді
Фото: «Қайрат» футбол клубы
Алматылық «Қайрат» Біріккен Араб Әмірлігіндегі оқу-жаттығу жиынынан бүгін алғашқы жолдастық кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Клубтың хабарлауынша, «Нефтчи» және «Вараждинмен» өтетін бақылау матчтары жабық режимде өтеді
Абу-Дабидегі оқу-жаттығу жиындары аясында команда екі бақылау кездесуін өткізеді. Бүгін Алматы уақытымен сағат 18:00-де бакулық «Нефтчимен» ойнайды. Ал жиындардың қорытынды матчы хорватиялық «Вараждинге» қарсы 14 қаңтар күні сағат 18:00-де өтеді.
4 қаңтар күні таңертең ерте «Қайрат» Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанған еді. Онда команда дайындықты 15 қаңтарға дейін өткізеді. Жиынның негізгі мақсаты - оңтайлы физикалық формаға келу және ресми матчтарға дайындық.
Алматылық клуб 20 қаңтарда Астанада бельгиялық «Брюггемен» ойнайды, ал 28 қаңтарда Лондонда УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі соңғы матчты «Арсеналға» қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас