18 сағат бұрын
Темірлан Ерланов КПЛ-дегі жаңа клубын таңдады
Қазақстандық қорғаушы Темірлан Ерланов жақын арада павлодарлық «Ертіс» клубының ойыншысы ретінде таныстырылады.
32 жастағы футболшы өткен қыста қосылған қостанайлық «Тобыл» командасынан кетті. Қазіргі уақытта Ерланов жарақатынан толықтай айығып, Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарында бабына келуді жоспарлап отыр.
Бұған дейін қорғаушыға «Қызылжар» клубы қызығушылық танытқан болатын, алайда ойыншы мансабын «Ертісте» жалғастыруды жөн көрді.
Темірлан Ерланов Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 21 матч өткізіп, бір гол соққан. Ол бұған дейін «Восток», «Ордабасы», «Ақтөбе» және «Тобыл» клубтарында ойнаған. Футболшының трансферлік құны 500 мың еуроға бағаланады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас