16 сағат бұрын
«Атыраудың» легионері медиа-жобаға ауысуға жақын
«Атырау» футбол клубының белоруссиялық жартылай қорғаушысы Игорь Стасевич Беларусьтегі DMedia медиа-жобасына ауысуға жақын.
40 жастағы футболшы «Атырау» сапында 2022 жылдан бері өнер көрсетіп келеді және команданың ең тәжірибелі әрі танымал ойыншыларының бірі саналады. Осы уақыт ішінде Стасевич клуб құрамында 70 ресми матч өткізіп, 7 гол соғып, 13 нәтижелі пас берген.
Дереккөздің мәліметінше, DMedia жобасына ауысу Стасевичтің мансабындағы жаңа кезең болмақ. Ол медиа форматта жұмыс істей отырып, өзінің мол футболдық тәжірибесін қолдануды көздейді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас