16 сағат бұрын

Рой Кин «Манчестер Юнайтедтің» келесі бапкерін таңдады

Рой Кин «Манчестер Юнайтедтің» келесі бапкерін таңдады

«Манчестер Юнайтед» клубының бұрынғы футболшысы Рой Кин командадағы келесі бапкер ретінде кімнің болуын қалайтынын айтты.

Аптаның басында клуб 2024 жылғы қарашадан бері бас бапкер қызметін атқарып келген Рубен Аморимді қызметінен босатқанын жариялады. Қазіргі уақытта португалиялық бапкердің тұрақты орнына кім келетіндігі белгісіз.

«Келесі «МЮ» бапкері? Мен Эдди Хау-ды таңдар едім», — деді Кин Sky Sports студиясында.

Қазіргі уақытта Эдди Хау «Ньюкасл» клубында қызмет атқаруда.

Уақытша бас бапкер ретінде «Манчестер Юнайтедке» Даррен Флетчер тағайындалған. Ал клуб Норвегиялық Уле Гуннар Сульшермен келіссөз жүргізіп жатыр, ол жазға дейін постты басқаратын болуы мүмкін.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас