7 сағат бұрын

Шолу видео: «Барселона» «Реалды» жеңіп, Испания Суперкубогын иеленді. Рафинья — дубль авторы

Шолу видео: «Барселона» «Реалды» жеңіп, Испания Суперкубогын иеленді. Рафинья — дубль авторы

Испания Суперкубогының финалдық кездесуі аяқталды. Шешуші матчта «Барселона» мен мадридтік «Реал» кездесті. Ойын Сауд Арабиясының Жидда қаласындағы «King Abdullah Sports City» стадионында өтті. Кездесудің бас төрешісі — Хосе Мунуэра Монтеро.

Тартысты өткен матчта 3:2 есебімен «Барселона» жеңіске жетті.

36-минутта бразилиялық Рафинья есеп ашып, каталондықтарды алға шығарды. 45+2-минутта «Реалдың» вингері Винисиус Жуниор таразы басын теңестірді. Арада екі минут өткенде, 45+4-минутта, Роберт Левандовски «Барселонаның» екінші голын соқты. Алайда 45+6-минутта Гонсало Гарсия мадридтік клуб сапынан тағы да есепті теңестірді.

Кездесудің 73-минутында Рафинья дубль жасап, жеңіс голын авторы атанды. Ал 90+1-минутта каталондықтардың жартылай қорғаушысы Френки де Йонг қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Осылайша, «Барселона» өз тарихында 16-рет Испания Суперкубогын жеңіп алды. Айта кетейік, өткен маусымдағы финалда да «блауграна» «Реалды» 5:2 есебімен ұтқан болатын.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас