7 сағат бұрын

«Реал Мадрид» клубының жаңа бас бапкері белгілі болды

«Реал Мадрид» клубының жаңа бас бапкері белгілі болды

Фото: championat.com

Альваро Арбелоа «Реал Мадрид» клубының жаңа бас бапкері атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Альваро Арбелоа 1983 жылы дүниеге келген. Футболшы ретінде ол 2004-2006, 2009-2016 жылдары корольдік клубтың намысын қорғаса, оған қоса «Депортиво Ла-Корунья», «Ливерпуль», «Вест Хэм Юнайтед» клубтарында доп тепті. 

2008-2013 жылдары Испания ұлттық құрамасының жейдесін киді. 

Альваро Арбелоа 2020 жылы «Реал Мадрид» жасөспірімдер клубының бапкері болса, өткен жылдан бері «Реал Мадрид Кастилья» клубының тізгінін ұстады. 

Қазірге дейін «Реал Мадрид» бас бапкері Хаби Алонсо қызметінен кетуге мәжбүр болды. Испаниялық 44 жастағы маман корольдік клубқа 2025 жылдың жазында келген еді. Содан бері команда 24 мәрте жеңіске жетсе, 4 рет тең ойнап, 6 мәрте жеңілді.

Соңғы рет «Реал Мадрид» Испания суперкубогында «Берселонаға» 2:3 есебімен есе жіберді. 


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас